Бүгінде Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлік дамуының оң көсеткіші байқалады. Соңғы бір жылдағы пандемияға қарамастан, оңтүстік өңір кәсіп көзін табуда алдыңғы қатардан көрінуде. Оған Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар да аз емес.
Шымкентте «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында қайтарымсыз несиеге өтінім беру басталды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков брифингте айтты. Аталмыш жобаға 150 миллион теңге қаржы қаралып, 30-дан астам кәсіптің дөңгеленуіне қолдау көрсетілмек.
«Грантқа үмітті болу үшін «Бизнеске арналған үкімет» фронт офисына тиісті құжаттар тапсыру қажет. Олардың тізімінде азаматтың жеке куәлігі, арнайы бизнес жобасы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, сонымен қатар, салық берешегі жоқытығы туралы анықтамасы қерек. Ең бастысы, өтінім берушінің соңғы 2 жылда «Бизнестің жол картасы» немесе «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде білім алғандығын растайтын құжаты болуы тиіс. Сондай-ақ, қолдау көрсетілетін кәсіптік салалардың арнайы тізімі бар»,- дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.
Қайтарымсыз несиеге ие болған кәсіп бастаушының есепшотында бағдарлама аясында берілген сумманың 10 пайыз мөлшері болуы шарт. Айтып өтейік, басқарма басшысы конкурс комисссиясының мүшелері мемлекеттік қызметке қатысы жоқ, қоғам белсенділері болатындығын айтты.