Мамандар жемқорлықпен күресуге шақырды

Screenshot_8.png

Елімізде 3 жылдың ішінде 2180 мемлекеттік қызметкер пара алағаны үшін бас бостандығынан айырылған. Оның ішінде жоғары шенділер де бар. Мәселен, өткен 23 жылды алып қарайтын болсақ, 2 үкімет басшысы, 8 генерал, 24 облыс әкімі сотталған. Осы орайда жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Елордадан арнайы жұмысшы топ келіп, Шымкенттіктерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бас қаладан келген жұмысшы топ алдымен Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына барды. Онда олар қызметкерлермен басқосу өткізіп, жыл бойы атқарған жұмыстарын талқылады.           

Одан әрмен жұмысшы топ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі

 Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған жүйелі шаралар жайында айтты. Енді пара беруші де, алушы да қатаң жазаланатынан ескертіп, заңбұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

 «Жемқорлық дегеніміз-ұлтты тонау. Жемқорлық дегеніміз сатқындық. Отанды сату сатқындықтан басталады. Міне осындай жағдайда не істеуіміз керек? Қол қусырып отыруға болмайды. Ел болып, жұрт болып жұмылып осымен күресуіміз керек»,- дейді Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел.

Жұмысшы топ қоғамның дертіне айналған жемқорлықты жою әрбір адамның, әсіресе мемлекеттік қызметшілердің санасында болуы тиіс,- дейді. 

 Бүгінде елімізде жемқорлықты жою мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Әрбір мемлекеттік нысандарда «Адалдық алаңы» кеңселері құрылып, тұрғындарға үздіксіз қызмет етуде. 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер