Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытады

Screenshot_6.png

Елбасы өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деп атап айтқан болатын. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде. Латын әліпбиін насихаттауда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы да өз үлесін қосып келеді. 

Жақында аталмыш  орталық және  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «ЛАТЫННЕГІЗДІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ – ӨРКЕНИЕТ ЖОЛЫ» атты онлайн семинары өтті. Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудағы 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, латыннегізді жаңа әліпбидің ерекшелігін, маңызын түсіндіру, насихаттау, жаңа қазақ жазуын қолданысқа енгізудің негізгі мәселелерін жеткізу. Семинарға университет оқытушылары, орталық қызметкерлері мен студенттер қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер