Қолөнер шебері өз цехын ашты

Screenshot_5.png

Қолыңнан іс келсе, бүгінде өнеріңді пайдаға асырып, кәсіп ашуға мүмкіндік мол. Қазіргі таңда елімізде еңбектенген, іздегене басты ниет еткен жандарға мемлекет көптеген қолдау көрсетуге. Талай жанға сүйікті ісін ашуға, мамандық меңгеруге, екі қолға бір күрек табуға жол ашып отырған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сөзіміздің дәлелі болмақ. Аталмыш бағдарламаға шымкенттіктер де белсене қатысуда. 

Айталық Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Амантай «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсынан өтіп, жеке кәсібін ашты.  26 жастағы Асқар Ерманұлы металл емес материалдарды лазерлік кесу мен ою аппаратын сатып алып, цех ашқан. Қолөнер, тігін, жарнама, жиһаз саласының мамандарына, гүл сататын және діни дүкендерге өз қызметін көрсетіп келеді.  Қазіргі таңда жиналмалы (трансформер) жер үстелді жасауды қолға алған. Оюмен өрнектеліп жасалған жиналмалы үстел, әсіресе пәтерде тұратындарға ыңғайлы.  Сонымен қатар, ол шежіренің де түр-түрін жасайды. Әр қазақтың төрінде ілініп, балалар бабаларын ұлықтап, жеті атасын біліп, жеті жұрттың қамын жеп өскенін қалайтынын айтады. Бес  адамды жұмыспен қамтып отырған жас маман алдағы уақытта өз кәсібін дамытып, трансформер жиһаздардың түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр. Жас кәсіпкердің айтуынша қолөер бұйымдарына сұраныс қашанда жоғары болады екен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер