Ордабасыда 150 «Алтын белгі» үміткері бар

19.jpg

Еліміз тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Ордабасы ауданында 32 мектеп, 2 мемлекеттік балабақша, 41 жекеменшік балабақша құрылысы бітіп, жалпы 75 білім беру мекемесі ел игілігіне берілді. 

Соның бірі - "Темірлан" жалпы орта мектебі. Үш ауысымда білім алған мектеп 2020-2021 оқу жылында жаңа ғимаратқа қоныстанып, қуанышқа бөленген болатын. Қазіргі таңда оқыту жүйесі карантин талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған мектепке арнайы барып, мектеп бітіруші түлектердің қуанышын бөлісті. Аудан басшысы ұстаздар мен ата-аналарға ұрпақ тәрбиесіндегі еселі еңбектері үшін алғысын жеткізіп, түлектерге ақ жол тіледі. 

- Түлектерімізді мектеп қабырғасында алған білімдері мен қалыптасқан ұстанымдары жаңа шыңдарға жетелесін. Жастарымыз ұлы тұлғалардың ізін басып, киелі елдің құрметті азаматтары болуға ұмтылсын. Ел алдындағы парызына адал болсын! - деді аудан басшысы өз құттықтауында. 

Биыл Ордабасы ауданындағы мектептерден 1823 түлек қанаттанып ұшса, оның 1435-і Ұлттық бірыңғай тестілеуде білімін сынамақ. 150 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. 76 бала – үздік аттестат иегері. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер