Ордабасыда 465 жұмыс орны құрылады

20.jpg

Ордабасы ауданында 39 кәсіпорын 8 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл саладағы нақты көлем индексі 106,9 пайызды құрайды.

Жалпы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы да, өнеркәсібі де дамыған аудан саналады. Өңірде индустриалдық аймақтар жұымс істейді. Ағымдағы жылы «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28,7 млрд.тг. құрайтын 4 жоба 465 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады деп күтілуде.

Атап айтқанда:

 «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай-химия өңдеу жобасы, жалпы құны 300 млн. АҚШ доллар (129,9 млрд.тг.), 550 жұмыс орнымен, жылдық қуаттылығы 2 млн.тонна;

 «Агро-V» ЖШС-нің жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы, жалпы құны 2,3 млрд. тг., 60 жұмыс орнымен. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде;

 «RZN» ЖШС-нің автоклавталған газдалған бетон өнімін өндіру жобасы, жалпы құны 1,6 млрд. тг., 150 жұмыс орнымен. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде;

 «Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы, жалпы құны 0,8 млрд. тг., 15 жұмыс орнымен. Жоба 01.03.2021 жылы мемлекеттік қабылдаудан өтті, 3-тоқсанда іске қосылады деп күтілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер