Түркістан: 700-ден астам елді мекен ауыз сумен қамтылады

«Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына» сәйкес, 2023 жылдың қорытындысымен  қалаларды 100 %, ал 2025 жылы ауылдық елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында өткен Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында мәлімдеді.

image.png

Ауыз сумен қамту мақсатында Түркістан облысында 60 нысанның құрылысына бюджеттен 12,7 млрд. теңге  бөлінді. Соның тең жартысын биыл пайдалануға беру жоспарлануда, қалғаны келер жылға өтпелі. Нәтижесінде, 20 елді мекен ауыз сумен қамтылса, 11 елді мекеннің су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Жыл қорытындысымен облыстағы 843 елді мекеннің   717-сі ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қамту деңгейі 93,3%-ға  жетеді.

 Табиғи газбен қамту бойынша биыл 87 нысанның құрылысына 13,8 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде 24 нысан пайдалануға берілсе, қалған 51 нысан келер жылға өтпелі. Жыл соңында 444 елді мекен немесе  1,4 млн. халық (66,6%) табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Сапалы электр жарығымен жабдықтау бойынша биыл 6,7 млрд. теңге қаралып, 34 нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. 27 нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі. Нәтижесінде 13 елді мекендегі 13,5 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады.

Сонымен қатар, Келес ауданында 220 кВ-тық «Қызыләскер» қосалқы станциясының және 110 кВ-тық электр желісінің құрылысын  аяқтап, ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 705 мың тұрғын, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық нысандары тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтылады. Түркістан облысы бойынша биыл 321 нысан, не 1200 шқ. жуық жолдар мен көшелер жөнделеді. Жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 79%-дан 89%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер