Түркістан аумағында жаңа су қоймалары салынуда

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте журналистердің сұрағына жауап берді. Киелі шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында ірі су нысандарының құрылыстары қолға алынды. Нәтижесінде, АШТӨ-не 200 млн.м3 ағын су қосымша жеткізіледі.

image.png

Түркістан магистралды каналында  жүргізілген күрделі жөндеу нәтижесінде 60 млн.м3 су үнемделіп, 8 шақырым қала аумағы абаттандырылады. Бұрын ағын су 43 %-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні  36 шақырым каналды бетондау жұмыстарының нәтижесінде 22 млн.м3 су үнемделіп отыр. қала аумағындағы 1,5 шақырым канал бойы абаттандырылды.

- «Қолға алынған «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы аясында бөгет 34 шақырым ұзындыққа көтеріліп, биылғы жылдың өзінде 250 млн.м3 су жинақталды. Бұл жоба алдағы уақытта Түркістан өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға оңды ықпалын тигізеді. Бүгінгі күннің өзінде көл аумағының фаунасы өзгеріп, табиғи құстар шоғыры пайда болғанын байқауға болады. Бұдан бөлек, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар Түркістан өңірін кепілді ағын сумен қамтамасыз етудегі маңызы өте жоғары болып табылады», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Жаңадан салынған «Кеңсай - Қосқорған - 2» су қоймасы арқылы 34 млн.м3 ағын су жеткізіледі. Қазіргі таңда үлкен дамбы биіктігі 26 метрге дейін көтеріліп, 40 % бетонмен қапталды. Нәтижесінде, биылдың өзінде көктемгі тасқын сулар ысырабына жол берілмей 5 млн.м3 су жинауға мүмкіндік берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер