Тұрғын үймен қамту көрсеткіші артып келеді

Түркістан облысы Жетісай қаласында үй кезегінде тұрған 88 мұқтаж отбасы баспаналы болып қуанышқа кенелді. Пәтер кілттері табысталған көпқабатты үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек көпбалалы аналарға салтанатты түрде пәтер кілтін ұсынды.

image.png

- «Шынымды айтсам күні кешеге дейін бізге пәтер сыйлайтынын білмедік. Бұл жаңалық біздің отбасы үшін үлкен тосын сый болды. Бұған дейін біз аядай жерді жалдап күнелтіп келдік. Енді міне, өз пәтерімізге де қол жеткіздік. Атсалысқан барша жандарға алғыс айтамын»,- деді көпбалалы ана Зухра Сахиева.

«Үйсіз азаматтардың қатарын азайту - біздің басты мақсатымыз» - деген аудан басшысы Мұрат Болатұлы баспана салу ісі алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты. Яғни, тұрғын үй кезегінде тұрған әрбір азаматты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жұмыстар атқарыла бермек.

Ал, Төлеби ауданының Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында бес қабаттан тұратын 9 үйдің құрылысы жүргізілуде. 20 пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қас бетін әрлеу және шатырын жабу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы тұрғын үйдің аумағы - 11 000 шаршы метр.

Құрылыс жұмыстарын жүргізуге үш мердігер мекеме тартылып отыр. Құрылыс барысы аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тұрақты бақылауында. Мердігер компания басшымен кездескен Төлеби ауданының әкімі құрылыс сапасын басты назарда ұстауды ескертті.

Жалпы, Леңгір қаласы бойынша 100-ге жуық көпқабатты тұрғын үй бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер