Келестіктер Түркістанда 9 мың түп тал екті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін шаһар 32 секторға бөлінген болатын. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Соның ішінде 16-секторға жауапты болып Келес ауданы бекітілген болатын. Жалпы сектор аумағына 12 көше кіріп, олардың жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды құрап отыр. Бекітілген аймақтағы 12 көшенің бойына жалпы саны 8 800 түп тал ағаш отырғызылды.

image.png

Талдарды күтіп ұстау мен суаруға 4 дана су ұңғымасы және 2 трансформатор орнатылды. Сондай-ақ, отырғызылатын ағаштарға тамшылатып суару жүйесі 8,7 шақырымға полиэтилен құбыры және автомобиль жолдарынан су жүйесін көлденең бұрғылап өту тәсілі қарастырылған.

Бүгінгі таңда, Келес ауданына қарасты №16 секторда 600 камаз, жалпы 12000 м3 топрақ төселінді. Сондай-ақ, әр түп ағашты желден қорғау мақсатында жіппен байлау жұмыстары толық аяқталып, 6000 м2 жерге газон егу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласын көркейту, көгалдандыру бойынша 2020-2021 жылдарға арналған Келес ауданының жұмыстарының жоспарына сәйкес, күнделікті №16 секторда санитарлық тазалық, ағаш суғару, жұмыстарына 5 техника 48 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер