Түркиялық дәрігерлер Түркістанда ақысыз ота жасауда

Балалардың денсаулығын қорғау басты мақсаттың бірі. Бұл бағытта бүгінде ауқымды іс шаралар жүзеге асып, игі бастамалар қолға алынып жатыр.

image.png

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң клинико-диагностикалық орталығына Түркиядан білікті дəрігерлер келіп, медицина саласындағы озық тəжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, Түркістан облысы тұрғындарына бірнеше күрделі ақысыз оталар жасады. Бұның барлығы «Ана жұрттан ата жұртқа денсаулық көпірі» жобасы аясында бауырлас елге деген сый ретінде жүзеге асуда. Бұл жайында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мухиддин Шімшек мәлімдеді.

Дəрігерлер 1-10 маусым аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығына тіркелген туа біткен даму ақаулары бар балаларды кезексіз тексерістен өткізді. Түркиялық педиатр-дәрігерлер бүлдіршіндерді қабылдап, ата-аналарға кәсіби кеңестерін беріп, арнайы емдеу тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ, церебралды сал ауруы, дауна синдромы, аутизм, тірек-қимыл жүйесі, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды дәрігерлік тексерістен өткізді.

Жалпы саны 40-тан астам бала жоғары деңгейлі мамандардың қабылдауында болды. Сондай-ақ, отоларинголог-дәрігерлер құлақтың іріңді аурулары және мұрын ісіктері диагноздарымен 32 науқасқа күрделі оталар жасап, 3 науқасқа құлақ протездерін салған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер