Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай өткен «Жаңарған Түркістан» салтанатты кешінде облыстың дамуы мен қалыптасуына сүбелі үлес қосып, еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. «Конгресс-Холл» концерт залында өткен мерекелік шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, Түркістан облысына еңбегі сіңген мемлекеттік қызметшілер мен қоғам қайраткерлерінің ерен еңбегін ерекше атап өтті.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатымен «Саутс ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Серікжан Сейітжанов марапатталады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Сәбит Олжатаев пен Түркістан қалалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Мадина Пазылбекова, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісімен «Береке» шаруа қожалығының төрағасы Бекжігіт Тулендиев, «Тілеуберді» өндірістік кооперативінің төрағасы Саян Батырбаев марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен Сайрам ауданының №68 Сырым Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің директоры Дамеш Сұлтанова, Казығұрт ауданының Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Мадина Алмашева, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен Жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, ҚР чемпионатының жеңімпазы, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Арман Мырзабеков, Футболдан I-ші разрядты спортшы, Республикалық және халықаралық турнирлерінің жүлдегері, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Самат Өскенбаев, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Алғыс хатымен Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының бас маманы Ақбота Бейсеқұл, Түркістан облысының өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесінің маманы Гүлнұр Қыпшақбаева, Түркістан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Медет Халықов марапатталды.
Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің Грамотасымен Түркістан облыстық сотының судьясы Нұрмахан Жұматаев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің офицері Мұрат Садық, Түркістан облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы, полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков, Облыс әкімінің кеңесші Асыл Алдаберген, «АҚ-ЖОЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мадина Атаева, «Mataibekov architects» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас сәулетшісі Әміре Матайбеков, «Лидер-НС Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алмас Шүкірбеков марапатталды.