Шардаралық 1000 оқушы жазғы лагерьде демалады

Түркістан облысы Шардара ауданының 1-10 сынып оқушылары "Біркөлік" демалыс орнына 10 күндік жазғы лагерьге аттанды.

image.png

Аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан 200 оқушы демалысқа жолдама алды. Биылғы жылы жазғы демалыс орындарына осындай әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан аудандағы 30 мектептен 1000 оқушы барады. Айта кетсек, мектеп оқушыларының жазғы демалысы мемлекет қаржысы есебінен төленуде. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер бөлімінен екі қызметкер бөлініп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демалыс орнына дейін аман-есен жеткізу жүктелді. Оқушыларды жазғы лагерьге шығарып салуға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев оқушыларға сәтті демалыс тілеп, барынша қауіпсіздікті сақтауды үйретті. Еліміздегі пандемия биыл дәстүрлі оқу ырғағын бұзғаны белгілі. Сондықтан шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылығының орнын толтыру үшін бірқатар демалыс орындарында ата-аналардың өтініші бойынша "жазғы мектеп" ұйымдастырылатын болады.

Былтыр мектеп оқушылары пандемияның себебінен жазғы демалысын ұйымдастырылған орталықтарда, лагерьлерде өткізе алмады. Ал биыл еліміздің Бас санитар дәрігері балалардың қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалуына, ем алуына рұқсат беріп отыр. Әрине, барлық қауіпсіздік шаралары жасалады. Жазғы сауықтыру лагерьлеріне қызметкерлер COVID-19-ға зертханалық зерттеуден өтіп немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған соң ғана қабылданады. Балалар да лагерге денсаулық жағдайы туралы құжатымен келуі тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер