Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін мыңнан астам меморандум жасалды

Түркістан облысына күнбағыс майы республиканың басқа өңірлерінен тасымалданады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда күнбағыс майының импорты Ресей мемлекетінен 4,6%-ға төмендеген. Картоп, қырыққабат, сәбіз бағаларының маусымдық қымбаттауы маусымдылық - ауа-райының қолайсыздығына байланысты ерте өндірілетін өнімдер кеш піскен. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өспеуі үшін жасалып жатқан шаралар Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды.

image.png

Облыс әкімі азық-түлік бағасын өсірмеуді тапсырды. Осы мақсатта жыл соңына дейін жүзеге асырылатын нақты жоспарды бекітуді жүктеді. Кәсіпкерлік және сауда басқармасының мәліметіне сәйкес, картоп, қырыққабат пен сәбізге деген көршілес елдердегі сұраныстың жоғары болуына байланысты ауыл шаруашылығын өндіретін өндірушілер тауарларын экспортқа өткізуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу мақсатында, ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен ағымдағы жылдың 28 маусымдағы жағдай бойынша облыс көлемінде 1098 меморандум түзілген.

Сонымен қатар, тұрақты түрде аудан, қалалардағы құрылған мобильдік топтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Заңының 204-4 баптарына сәйкес 752 кәсіпкерге баға негіссіз көтермеу жөнінде ескертулер мен нұсқамалар берілді. Алдағы уақытта, аталған бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында, «Айналым схема» механизімі аясында «Magnum» ірі сауда желісіне 200 млн.тг қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, сауда желісі 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен сатылуда.

Аппарат отырысында сондай-ақ, облыс бюджетінің 1 шілдесіне күтілетін болжамның орындалуы туралы, Түркістан қаласы аумағындағы құрылысы аяқталған нысандар, жолдар мен аяқжолдар және абаттандыру бойынша анықталған ақаулардың орын алуы мен оны қалпына келтіру мәселесі туралы баяндалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер