«Еңсесі биік Елорда!» саяхаты сәтті аяқталды

Сайрам ауданы жастарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен танымдық экскурсия осылай аталды. Танымдық саяхат 30-маусым мен 3-шілде аралығында ұйымдастырылды.

image.png

Бағыты ауқымды - Ақсу-Отырар-Түркістан-Сауран-Қызылорда-Жезқазған-Қ.Сәтбаев -Теміртау-Нұр-Сұлтан-Ақсу. Мақсаты - ауданның ерікті жастарына қолдау көрсетіп, қоғамдық, қайырымдылық шараларда белсенділік танытып жүрген жастарды ынталандыру, олардың танымдық көзқарасын арттырып, еліміздің тарихи-мәдени орындарымен таныстыру болатын. Мақсат орындалды. Экскурсияға көпбалалы отбасылардан шыққан, жартылай және тұл жетім, тұрмыстық жағдайы төмен жастар қамтылды. Көбі Нұр-Сұлтан қаласына алғаш қадам басып, ерекше әсер алып қайтты.

Елорданың туған күні қарсаңында өткізілген қызықты сапарға ауданның түрлі салада жүрген белсенді, ерікті 30 жасы іріктелген болатын.

Жастар алдымен Отырар ауданындағы Арыстан баб кесесіне барып, зиярат жасады. Онан соң А.Ясауи кесенесіне зиярат жасап, «Керуен сарай» туристік кешенін аралады. Ал жаңадан құрылған Сауран ауданында Ортағасырлық Сауран қалашығының тарихымен танысты. Осы саяхатта жастар Қызылорда қаласында да болды. Қаланың көрікті жерлерін аралады. Қарағанды облысы, Қ.Сәтбаев қаласында орналасқан Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мұражайдағы кездесулер тіпті, тартымды өтті.

Алаша хан кесенесіне зиярат етіп, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығымен танысуға да уақыт табылды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы саяхат бағдарламасы да тартымды әрі танымды болды: «Бәйтерек» монументі, Ұлттық академиялық кітапхана, ЭКСПО көрме кешені, «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасы, Ұлттық мұражай, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірімен өтіп, кемеге міну – саяхатта осының барлығы қамтылды.

Сондай-ақ, осы сапар барысында жастар тек саяхаттап қоймай, мақал-мәтел айтудан жарысып, білімділер сайысына қатысты. Интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылып, гитарамен ән шырқау кештері де қызықты өтті. Тарихи, деректі, көркем фильмдер де көрсетілді. Жастар үшін осы саяхат күндері жылдың ең мазмұнды, ең сәтті кезеңіне айналып, алдағы істеріне, бастамаларына серпін берді деуге болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер