Түлкібас ауданында соңғы уақытта бақша шаруашылығымен қатар балық шаруашылығы да қарқынды дамуда. Соның бірі - Майлыкент ауылдық окуругіне қарасты «Сапарғали» шаруа қожалығы.
Балық шаруашылығын дамытуға бел буған шаруа қожалық 2,16 га аумақта орналасқан. 7 жасанды су тоғанына 100 мың дана сазан, ақ амур және дөнмандай (толстолоб) балықтарының шабақтарын жіберуде. Әр жасанды тоған 0,30 га аумақты алып жатыр.
Жалпы бүгінде аудан көлемінде 7 шаруашылық балық өсірумен айналысуда. Атап айтар болсақ:
1. Арыс ауылдық округіне қарасты «First Fish Companу» ЖШС-гі балық зауыты, мұнда балықтың осетра, форель, сазан түрлерін өсірілуде.
2. Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Нұран құрылыс» ЖШС-гі балықтың карп, сазан түрлерін;
3. Балықты ауылдық округіне қарасты «Сансызбай» ШҚ балықтың сазан;
4. Келтемашат ауылдық округіне қарасты «Болат» ШҚ балықтың сазан;
5. Жаскешу ауылдық округіне қарасты ЖК «Кадыркулов Н» балықтың сазан;
6. Жабағылы ауылындағы «Талдыбұлақ» ӨК, балықтың сазан;
7. Жаскешу ауылдық окуругіне қарасты «Юлдуз-2» шаруа қожалығы сазан, карп және дөнмандай (толстолоб) түрін өсіріп, жемісін көруде.
Бұл бағыттағы жұмыстарға алдағы уақытта да аудан әкімдігінің тікелей бастамасымен басымдық беріліп, дамыту жоспарлануда. Бүгінде шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылуда. Балық жемінің 30 пайыз шығындары субсидияланып, заң аясында аудан әкімдігі тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде.