Түлкібастан иогурт шығады

Түлкібас ауданындағы «Майлыкент-Сүт» өндірістік кооперативі құрылғанына 10 жылдан астам уақыт болды. Жылына 100 мың тоннаға жуық дайын өнім өндіретін жұмыс орыны толықтай жаңа технологиялармен қамтылған. Жұмыс өнімділігі жылдан-жылға артуда. Кәсіпорында жоғары білімді технолог, экономист, есепшілер, техникалық қызметкерлер жұмыс істейді. Бүгінде 60 адамды жұмыспен қамтып отыр.

image.png

- «Біздің өнімдердің жарамдылық мерзімі 10 күнге дейін жетеді. Бұл – сапасы мен табиғилығына мән беріліп, экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп отырмыз деген сөз. Жиналған сүт зертхана бөлмесінде арнайы сараптамадан өткізіледі. Сүттің қышқылдығы, майлылығы, тығыздығы бақыланады. Сонымен бірге өнімнің әр топтамасы, жарамдылық мерзімі қатаң тексеріледі. Соның арқасында шығар, тұтынушылардан сын-ескертпе алып көрмеппіз, алғыстарын естіп жүрміз. Бағасы да қолжетімді» - дейді.

Аудан бойынша сиыр ұстап отырған әр отбасыдан, шаруа қожалықтарынан сүт жинап, заманауи технология бойынша өңдеуден өткізеді. Айран, сүт, йогурт, ірімшік, брынза, сары майдың бірнеше түрі, қаймақ секілді өнімдерді арнайы пластмасса ыдыстарға, тетрапакеттерге салып, сауда орындарына шығарады. Түлкібастың өнімін аудан, облыс тұрғындары ғана емес, көршілес Жамбыл, Қызылорда облысының тұрғындары да тұтынуда. «Майлыкент-Сүт» АӨК төрағасы Ниязбек Сауытбековтің айтуынша, олар барынша сапаға мән береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер