Түркістан облысында 2021 жылғы қаңтар-мамырдағы мәліметке жүгінсек жалпы өңірлік өнім 2018 жылмен салыстырғанда 41%-ға артып, 2,4 трлн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнім көлемі 18%-ға, ауыл шаруашылығы өнімі 34%-ға немесе 185,4 млрд. теңгеге артты. Соңғы 3 жылда негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 1,6 трлн. теңгені құрап, оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 968,5 млрд. теңгеге жетті. 736 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын орта бизнестің үлесі 21%-ға дейін жеткізілді. Облыс бюджетінің көлемі 1,6 есеге артып, 893 млрд. теңгені құрады.
5 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 238,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,8 млрд. теңгеге артты. 110,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 41 млрд. теңгені құрайтын және 4 340 жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 480,5 млрд. теңге құрайтын 46 жоба іске асырылуда. Жалпы, өнеркәсіп өнімі көлемін 2021 жылы 565 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні өңірде 141 мыңнан аса шағын орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлерге берілген қаржылар көлемі 3 жылдың ішінде 97,2 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде ағымдағы жылдың 5 айында 28,8 млрд. теңгеге 537 жоба мақұлданды.