Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ел халқына жолдаған жолдауында ауыл шаруашылығы саласын қайта жаңғыртуға айрықша назар аударған болатын. Бүгінде бұл бағытта ауқымды істер атқарылып келеді.
Түркістан облысында Ауыл шаруашылығында 5 айда 170,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,9%-ды құрады. Салаға 15,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,9 есеге артты. Биыл егіс көлемі 845 мың гектарға орналастырылып, жоспар 100%-ға орындалды. Жаңадан 54 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1 300 гектарды құрап, 74 мың тонна өнім өндірілді. Мал мен құс басы және өнімділік орташа 4-5%-ға артуда. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 8 мың 900 гектарға 2 771 жоба жүзеге асырылып, 91 мың тонна көкөніс өнімі жиналды. Қала аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында құны 35,5 млрд. теңге құрайтын 6 серпінді ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Азық-түлік белдеуі аясында 11 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. Еңбек өнімділігі 18,9% артып, жылдық жоспар толығымен орындалды. Жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемі 850 млрд. теңгеге жеткізіледі.