Жыл қорытындысымен облысқа 800 млрд. теңгеге инвестиция тарту жоспарлануда

Түркістан облысында Инвестиция 5 айда облысқа 175,8 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға артты. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен жыл соңына дейін жалпы құны 255,5 млрд. теңгеге 3 243 жаңа жұмыс орнымен 81 жобаны жүзеге асыру күтілуде. Жыл қорытындысымен облысқа 800 млрд. теңгеге инвестиция тарту жоспарлануда. Құрылыс есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 70,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 73,0% ға артты. 2021 жылдың қорытындысымен құрылыс жұмыстары 305,9 млрд. теңге мөлшерінде жоспарлануда. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 162,7 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 16,5%-ға артты. Облыста тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 790 мың шаршы метр болып белгіленді.

image.png

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 60 нысанның құрылысына бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлініп, ағымдағы жылы 29 нысан пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл қорытындысымен облыстағы 843 елді мекеннің 717 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі 1 504 мың тұрғынды немесе 93,3%-ға жетеді. Табиғи газбен қамту бойынша 2021 жылы 87 нысанның құрылысына 13,8 млрд.теңге бөлініп, оның ішінде 24 нысан (21 е.м) пайдалануға берілсе, қалған 63 нысан 2022 жылға өтпелі.

Жыл қорытындысымен, 444 елді мекен (52,6%) немесе 1 млн. 343 мың халық (66,6%) табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Электрмен жабдықтау бойынша 2021 жылы 54 нысанның құрылысына 8,5 млрд.теңге қаржы бағытталып, 7 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде 13 елді мекен немесе 14 мың тұрғын электр қуатымен қамтылады. 2021 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға 321 нысан немесе 1 179,6 шқ. жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 79%-дан 89%-ға дейін артады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер