Бәйдібек ауданы әкімдігінің мәжілісінде жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиевтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Бірінші болып аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақбала Құлымбет жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндады. Одан кейін Борлысай ауылдық округінің 2021 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы ауыл әкімі Ғалым Шәбдезімнің, «Қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Енжановтің, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру туралы» аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Әділхан Мәселбектің хабарламалары тыңдалды.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Бағдатбек Пердебайұлы тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдеріне бірқатар сұрақтар қойып, арнайы мерзім белгілеп, орындалуға тиісті бірқатар тапсырмалар жүктеді.