500 гектар аймақ жаңбырлатып суарылады

4.jpg

 Ордабасы ауданында тамшылатып суару әдісі арқылы 663 гектарға баубақша өнімдері егіліп, 7 айдағы көрсеткіш 94 пайызды құрады. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұдан бөлек, Қараспан ауылдық округіндегі «Байдаулет» шаруа қожалығы 10 гектар, Бөржар ауыл округіндегі «Ықылас» шаруа қожалығы 3 гектарға еккен жоңышқа дақылдарын жаңбырлатып суару әдісін пайдалануда. 

Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасына сәйкес келесі жылы бұл бағытта жаңбырлатып суару тәсілін 500 гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Айта кетері, Түркістан облысының ауыл шаруашылығында жаңбырлатып суару технологиясын жаппай енгізу негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Өңірде қазір жаңа технологияға ден қойған шаруашылықтар аз емес. Бұл тың әдіс-тәсілдің тиімді тұстары көп. Облыстық ауыл шаруалылығы басқармасы басшыларының айтуынша, Жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады. Мысалы бидайдан орташа өнімділік гектарына 15 – 20 центнер болса, технология арқылы ол 40 – 45 центнерге жетпек. Дәндік жүгеріден әр гектардан 48,5 центнер алынса, жаңа технология арқылы өнім түсімін 115-130 центнерге дейін жеткізуге болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер