Этноасаралық татулық еліміздің тұрақты дамуының кепілі. Бұл әсіресе, түрлі ұлт өкілдері қоныстанған Түркістан облысы Сарыағаш ауданында өте маңызды.
Жуырда Сарыағаш ауданы әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен этносаралық қатынастарды нығайту жұмыстарын үйлестіру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссия отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:
Аудандағы этносаралық қатынастарды нығайту бағытында 2021 жылдың 7 айында атқарған жұмыстары туралы.
Аудандық полиция бөлімінің этносаралық қатынастарды нығайту бағытында 2021 жылдың 7 айында атқарған жұмыстары және этнос өкілдерінің қатысуымен орын алған қылмыстардың нәтижесі туралы.
Түркістан облысының «Қоғамдық келісім» КММ Сарыағаш аудандық филиалының 2021 жылдың 7 айында атқарған жұмыстары туралы.
Дербісек ауылдық округінде этносаралық қатынастарды нығайту бағытында 2021 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар туралы.
Күн тәртібіндегі мәселер бойынша баяндамалар жасалып, жан-жақты талқыға түсті.
Жиын барысында комиссия төрағасы М.Отаршиев этносаралық қатынастарды нығайту жұмыстарын үйлестіру жөніндегі жұмысшы топқа нақты тапсырмалар жүктеліп, келесі комиссия отырысына ұсыну тапсырылды.