Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының тұрғыны Туражанова Айман 2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы әлеуметтік жұмыс орындарын құрып, шлакоблок өндіру цехына 7 азаматты жұмысқа қабылдаған.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ, үйде ұйымдастырылады.
Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін берілетін өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 пайызын құрайды.
Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы он екі айдан аспайды.
Биылғы жоспар орындалып, 2021 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құруға өтінім қабылданбайды. Ал, келесі жылға өтінімдер қабылдануда.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2022 жылға өтінім беру үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім беруге болады.
Мекен жайы: Темірлан ауылы, Б.Абасов көшесі №2 ғимарат.
Байланыс телефоны: 8725-30-2-16-88.