Өткен жылы Жетісай ауданы бойынша 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолымен елді мекендерге қарасты 53 көшеге орта жөндеу және 219 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: «Ауыл - Ел Бесегі» бағдарламасы аясында ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орта жөндеу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ұзындығы 1,68 шақырымды құрайтын 1 көшеге орта жөндеу және 3 көшеге аяқ жол салу жұмыстары. Оған қоса, облыстық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 82,2 шақырымды құрайтын 185 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 23,3 шақырымды құрайтын 30 көшеге орта жөндеу және жалпы ұзындығы 21,3 шақырымды құрайтын 34 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылып, стандартқа сай 9 жасанды жол кедергілері мен 114 жол белгілері орнатылды.
2020 жылы Жетісай ауданының жол саласын дамытуға жалпы 5 млрд. теңге көлемінде қаржылар бағытталған. Бұл қаржыларға ұзындығы 31 шақырым Республикалық, 26,8 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендерге қарасты ұзындығы 36,6 шақырымды құрайтын 50 көшеге орташа, ұзындығы 102,5 шақырымды құрайтын 218 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу және ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын 5 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілген.
- "2021 жылы Жетісай ауданында «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы 18,1 шақырымды құрайтын 20 нысанға орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатса. Облыстық және жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 25,7 шақырымды құрайтын 32 көшеге орта жөндеу және жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады" - дейді Жетісай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нүркен Әлмеш.
Қосымша айта кететін болсақ, жоғарыда көрсетілген жұмыстардың қорытындысымен 113 елді мекеннің 85 елді мекенінде топырақ көшелер толығымен аяқталған. Оның ішінде 8 елді мекен шалғайда орналасуына байланысты эконмоикалық жағынан тиімсіз. Қазіргі таңда 20 елді мекенде жалпы ұзындығы 20,3 шақырымды құрайтын топырақ көшелер ағымдағы (тас төсеу) жөндеуді қажет етеді.
Одан бөлек, Жетісай ауданы бойынша жол қозғалысын реттеу мақсатында жергілікті бюджет есебінен 5 көше қиылысына бағдаршамдардар орнатылып. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында стандартқа сай 9 жасанды жол кедергілері мен 114 жол белгілері оратылып, жаяу жүргінші сызбалары жаңартылған.