Мақтааралда 1200 орындық мектеп салынуда

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген шағын ауданда 1200 орындық алып мектептің құрылыс жұмыстары жүруде.

image.png

Аталған алып мектептің жобалық сметалық құжаттамасы бойынша елімізде бірде бір мектеп салынбаған. Алып құрылыстың алаңы 2,7 гектарды құрайды. Ішкі спорт залында көрермендердің тамашалауына арналған 200 орындық орын бар. Ал, мектептің асханасы 420 орынға арналған. Мұндай үлкен спорт зал мен асхана Мақтааралдың мектептерінде бұған дейін болмаған. Сыртқы аулада салынып жатқан алып футбол алаңы мен болейбол, баскетбол алаңдары да үлкендігімен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда мектептегі физика, химия, информатика кабинеттерін, мультимедиялық және лингафондық кабинеттерді соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша оқушылар түрлі спорттық, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатысып, өздерін қосымша дамытуға барлық мүмкіндіктер жаратылатын болады.

Айта кетейік, облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бас мердігер "АРТ-Құрылыс" ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан алып нысан үшін ҚР Үкіметі резервінен 2,6 миллиард теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында жалпы 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 8 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер