Бостандық елді мекеніне ауыз су құбыры тартылуда

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Б.Полатов Сарыағаш ауданы, Жарты төбе ауылдық округі, Бостандық елді мекеніндегі ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары барысымен танысты.

image.png

Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Сол себепті, тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жұмыстары кезең кезеңімен атқарылып келеді.

Құрылыс нысанында болған Б.Полатов бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер мекеме мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды. Сонымен қатар, ауданның тұрғын үй-шаруашылық коммуналдық бөлімінің басшысына жұмыстың сапалы ұйымдастырылуына көңіл бөлу қажеттігін жүктеп, жауапты жұмыстың нәтижелі аяқталуына мән беру қажеттігін міндеттеді.

Жоба бойынша елді мекенге мердігер мекеме «Алжа құрылыс» ЖШС тарапынан 37,162 шақырым су құбырлары жүргізілу жоспарланса, бүгінгі таңда 32 шақырым су құбырлары жүргізілген. Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жоба бойынша 2 дана 1-ші көтерілімдегі жерасты сорғы станциясының бүгінгі күнге дейін 1 данасы орнатылған. Алдағы уақытта жоспар бойынша 2-ші көтергіш сорғы станциясының 1 данасы мен 1-ші көтерілімдегі жерасты сорғы станциясының 1 данасы орнатылатын болады. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін елді мекендегі 3956тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер