«Ауыл - ел бесігі» жобасы жолға қойылғаннан бері ауданымызға қарасты елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылуда. Бұл жоба аясындағы жұмыстар жыл сайын емес, күн сайын жүзеге асып жатыр.
Ағымдағы жылы Сарыағаш ауданы бойынша «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен Ақжар ауылдық округіне қарасты 8 көше және Дарбаза ауылдық округіне қарасты 4 көшеге орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Дарбаза ауылдық округіне қарасты 4 көшеге, атап айтқанда Ш.Уалиханов, Қойкелді, Т.Аубакиров, Қажымұқан көшелеріне толықтай асфальт төсеу жұмыстары аяқталған.
Ақжар ауылдық округіне қарасты 2 көшеге Ынтымақ пен О.Еспенбетов көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары аяқталған. Ал қалған 6 көшеге Панфилов, Бегалы ата, Т.Орынбай ата, М.Маметова, Қажымұхан, Батырхан ата, Балықбай ата, Абай көшелеріне шағал төсеу жұмыстары жүргізіліп, тамыз айының соңына дейін асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
«Ауыл — ел бесігі» ауқымды жобасы аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.