Сарыағаштық ардагерлер жаңарған түркістанға сапарға шықты

Аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға сапарға шықты.

image.png

Қариялар ең алғашқы зияратын Ясауи кесенесінен бастап, Керуен сарай, «Түркістан-Арена», «Ұлы дала елі» орталығын, «Hazret Sultan Airport» халықаралық əуежайын, облыс әкімдігін, «Конгресс холл» залын және басқа да Түркістан шаһарынан жаңадан бой көтерген нысандарды аралады.

Сан ғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін музейде болды. Түрленіп, түлеген Түркістан қаласының бүгінгі келбетін таңдана да тамсана тамашалап, саяхаттан рухани серпіліп қайтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деп атап көрсеткен болатын. Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.

Облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері арнайы ұйымдастырылған сапар аясында жаңарған Түркістанды тамашалап қайтуда. Жаңарған Түркістанға қонақ болып барған ардагерлер - аймақтың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан білім, мәдениет, ғылым, өндіріс және және басқа да түрлі салаларда жетекшілік еткен білікті қариялар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер