Ауданның киелі жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деп атап көрсеткен болатын. Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.

image.png

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде» Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдірудің 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер үшін Сарыағаш ауданының киелі жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында мемлекеттік қызметшілер өңірімізде орналасқан Ердәуіт ата және Шаймерден ата зияраттарына барды. Онда мемлекеттік қызметшілер шырақшылармен тілдесіп, киелі жерлердің тарихымен тереңінен танысып қайтты. Сонымен қатар Ердәуіт ата және Шаймерден ата зияраттарында өмірден өткендердің рухтарына құран бағыштап дұға жасады.

Ал, аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға сапарға шықты.

Қариялар ең алғашқы зияратын Ясауи кесенесінен бастап, Керуен сарай, «Түркістан-Арена», «Ұлы дала елі» орталығын, «Hazret Sultan Airport» халықаралық əуежайын, облыс әкімдігін, «Конгресс холл» залын және басқа да Түркістан шаһарынан жаңадан бой көтерген нысандарды аралады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер