«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аса ауқымды, нақты жоспарланған және қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Сонымен қатар, бұл бағдарлама халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетов, «Nur Otan» партиясының Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудандық мәслихаттың депутаттары Т.Джұмабеков және Ж.Сүлейменовтер партияның жол картасы аясында 2025 жылға дейін аудан тұрғындарын сапалы электрмен жабдықтау мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Жарты төбе ауылдық округі Достық елді мекеніне арнайы барып, мердігер «Строительно-монтажное фирма «Мехколонна №59» ЖШС мекемесі тарапынан жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысып қайтты. Құрылыс барысында елді мекенге жалпы ұзындығы 62 шақырымға жуық электр желілері мен 10 дана электр трансформаторлары орнатылған.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары тұрғындармен кездесіп ұсыныстарын тыңдады. Мердігер мекемеге жасалып жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.
Айта кетсек нысанның құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, 2021 жылға өтпелі болған. Ағымдағы жылы нысан іске қосылғаннан кейін 557 отбасы сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады.