«Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі»

3.jpg

Сарыағаш ауданы  аудандық білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз конференциясы биыл «Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі» тақырыбы аясында өтті. Аталған конференцияға аудан әкімі Мұхит Отаршиев,  ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б.Майрихов, аудандық білім және ғылым саласы бойынша кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, білім беру саласының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Конференцияда білім саласындағы алдағы мәселелер мен қол жеткізген табыстар туралы талқыланды. 

 Б.Майрихов ағымдағы оқу жылында атқарылған жұмыстар мен жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы баяндамасын оқыды. Баяндама соңында жаңа оқу жылына байланысты ұсыныстар айтылды. Аудан әкімі М.Отаршиев:

 -Тамыз кеңесі – ұстаздар арасында көп жылдан бері дәстүр болып қалыптасқан алқалы жиын ғана емес, бұл – білімінің заман талабына сай даму бағыттарын айқындайтын, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін тұлғалардың пікір алмасып, ой бөлісетін ортасы. Еліміз бойынша биылғы тамыз конференциясының тақырыбы: «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі». Тақырыбы айтып тұрғандай-ақ білім беру саласындағы білім мен ғылымды тұрақты дамыту арқылы заманауи талаптарға сай оқушыларды дайындауы тиіс. Ал, алдағы оқу жылында 80 сынып комплектісі жаңадан ашылып 57577 оқушы білім алады деп күтілуде. Бұл өткен жылғы оқушы санынан 2100 балаға артып отыр. Бүгінгі кеңестің «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында өтуінің мазмұны осында. Алдағы жаңа оқу жылының табыстары мен жетістіктері мол, шығармашылыққа толы, қуаныштары көп болсын! Сіздерге деннің саулығын, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметте шығармашылық табыстар тілеймі,-деді. Жиын соңында бірқатар аудан ұстаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер