Ордабасы ауданында ауыл шаруашылық саласы көш бастап тұр

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Ауданда ауыл шаруашылық саласында жыл басынан бері 17 млрд 700,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,4 пайызды құраған. Нәтижесінде Ордабасы ауданы облыс көлемінде аудан, қалалар арасында бірінші орынға (Аграрлы сала бойынша ауданның облыстағы үлесі 8,3 пайыз) шықты.

Тарқатып айтар болсақ, осы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 145,0, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 75,8 пайыз, «Құлан» бағдарламасы 64,3 пайызға орындалған.

Ауданда 2021 жылға 100 бірлік мал бордақылау алаңдарын ашу жопарланса, бүгінгі таңда 78,0 пайызы орындалған. Ал, ауыл шаруашылық саласындағы жаңа технология - тамшылатып суару әдісін енгізу көрсеткіші 86,7 пайыз болған.

Биылғы көктемгі дала жұмыстары бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан үш жақты меморандумға сәйкес, 65 780 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру тапсырмасы жоспардағы көрсеткіштен артығымен (65 904 гектар немесе 100,2 пайыз) орындалған.

Өндіріске қажетті техника жаңарту көрсеткіші 74,3 пайызды құрап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер