Автожол салу мен жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен орындалуда

Өткен жылы ауданға қарасты елді мекендердің көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, жалпы 767 млн 410 мың теңгеге 1 көшеге күрделі жөндеу, 1 аяқ жол, 15 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 23 көшеге тас төселді. Нәтижесінде, 40 көшенің жөндеу жұмыстары 3,4 пайызға орындалып, 81,1 пайызды құрады.

image.png

Республикалық бюджеттен КХ-8 облыстық маңызы бар жолға 1 240,0 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Бадам елді мекеніндегі 13 көшеге 163 млн. 793 мың теңге және аудандық бюджеттен 15 шақырымдық жолға 67 168,1 мың теңгеге қаржы бөлініп, орташа жөндеуден өтті.

Жалпы аудан көлемінде автомобиль жолының ұзындығы 1 347,1 шақырымды құрайды. Ал, көше саны- 831.

Биыл аудандық маңызы бар 8 автомобиль жолдарына (32,3 шақырым) 1 млн. 342 264,36 мың теңге қаралып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, салалық басқарма арқылы облыстық маңызы бар 3 автомобиль жолдарына (64,7 шақырым) 2 млн. 546 740,14 мың теңге бөлініп, орташа жөндеу көреді.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 47,9 шақырымды құрайтын 32 көшеге 1 млн. 759 847,74 теңгеге жұмсалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық бюджеттен 4 көшеге (14,7 шақырым) 206 326,90 мың теңге қаралып, орташа жөндеуден өтпек.

Қазіргі таңда, 92,4 шақырымды құрайтын 56 көшеге 1 млрд. 710 мың теңге жоспарланып, орташа жөндеу жұмыстарының сметалық құжаттамасы әзірленді.

Бір сөзбен айтқанда, аудан көлемінде автожол салу, орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер