Ордабасы – жылыжайлардың отанына айналады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр. Атап айтар болсақ, жылыжай орнатып, мол табыс тауып отырған отбасылар көп. Солардың бірі - Бахытжан Утанбаев.

image.png

«Елнұр Айдар» шаруа қожалығы алма бауынан бөлек тропикалық жемістер лимон мен анар өсіруден тәжірибе жинақтаған шаруашылық.

Бүгінде Қажымұқан елді мекенінде орналасқан аграрлық-өнеркәсіптік кешенде 34 млн теңгелік жоба жүзеге асып, 3 гектар алқапқа алма, 1 гектарына анар және 700 түп лимон егілген.

Кооператив өткен жылы 3 гектар алма бауынан 2 тонна алма, 0,5 гектардан 15 тонна лимон (5-6 жылда өнім көлемін 60 тоннадан асыру жоспарланған) жианаған.

Шаруашылық кешенінің басшысы Бахытжан Утанбаевтың айтуынша 1 гектарға отырғызылған анар көшетінен 500 келі өнім ( 5-6 жылдан соң 20-30 тонна өнім алу көзделген) алған.

Қазіргі таңда аталған шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыс істеуде. Айлық орташа жалақысы 80-100 мың теңге көлемінде. Алдағы уақытта аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің дайын өнімдері Шымкент қаласы мен республиканың өзге өңірлеріне сатылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер