39 кәсіпорын 8 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында кәсіпкерлік саласы мен өндірісті дамытуға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Ордабасы ауданында 39 кәсіпорын 8 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,9 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылы «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28,7 млрд.тг. құрайтын 4 жоба 465 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады деп күтілуде.

Атап айтқанда, «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай-химия өңдеу жобасы, жалпы құны 300 млн. АҚШ доллар (129,9 млрд.тг.), 550 жұмыс орнымен, жылдық қуаттылығы 2 млн.тонна, «Агро-V» ЖШС-нің жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы, жалпы құны 2,3 млрд. тг., 60 жұмыс орнымен. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

«RZN» ЖШС-нің автоклавталған газдалған бетон өнімін өндіру жобасы, жалпы құны 1,6 млрд. тг., 150 жұмыс орнымен. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. «Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы, жалпы құны 0,8 млрд. тг., 15 жұмыс орнымен. Жоба 01.03.2021 жылы мемлекеттік қабылдаудан өтті, 3-тоқсанда іске қосылады деп күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер