Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Ордабасы ауданында ауыл шаруашылық саласын дамыту жүйелі жүзеге асырылуда. Биыл Ордабасы ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алуға ниетті шаруашылық саны 257-ге жетті. Олар қазіргі таңда 524 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, баптауда. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 есеге артық.
Жалпы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылық саласы көш бастап тұр. Ауданда ауыл шаруашылық саласында жыл басынан бері 17 млрд 700,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,4 пайызды құраған. Нәтижесінде Ордабасы ауданы облыс көлемінде аудан, қалалар арасында бірінші орынға (Аграрлы сала бойынша ауданның облыстағы үлесі 8,3 пайыз) шықты.
Тарқатып айтар болсақ, осы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 145,0, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 75,8 пайыз, «Құлан» бағдарламасы 64,3 пайызға орындалған.
Аудан аумағында 2021 жылға 100 бірлік мал бордақылау алаңдарын ашу жопарланса, бүгінгі таңда 78,0 пайызы орындалған. Ал, ауыл шаруашылық саласындағы жаңа технология - тамшылатып суару әдісін енгізу көрсеткіші 86,7 пайыз болған.