Бәйдібекте түйе шаруашылығы дамып келеді

Бәйдібек ауданы Бөген ауылдық округіне қарасты, Жиенқұм елді мекенінде түйе шаруашылығы дамып келеді. Елдегі қауіпті індетке байланысты мұнда түйе мен бие сүтіне деген сұраныс жоғары. Сондықтан "Беспаев" шаруа қожалығы Ойсылқара тұқымын ұстауға кірісіпті. Аймақта төрт- түлікпен айналысушыларға мемлекеттік қолдау да артып отыр.

image.png

- Жалпы, түйе малы аса бір күтімді қажет етпейтін, жайылымда бағылатын, басқа ауыл шаруашылық малдармен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Бөген ауылдық округінде бір ғана түйе шаруашылығы тіркелген екен. 904 отбасы, 5396 халық саны бар округте барлығы 174 шаруа қожалық бар. 6 мал бордақылау алаңы бойынша жұмыстар қарқынды - "Беспаев" шаруа қожалығының төрағасы Ербосын Беспаев.

Түйе шаруашылығын дамытуға Бәйдібек ауданының жер жағдайы өте қолайлы. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған. Сүті дәру дейтінімізге дәлел - "Беспаев" шаруа қожалығының төрағасы Ербосынның анасы бүгінде жасы 101-ге келді. Теңгегүл апаның денсаулығы бірқалыпты. Айтпағымыз, ұлы азанда түйені сауғызғанда сүтті пісіріп, әжеге күніне үш мезгілден ішкізеді екен. Ғасыр аса өмір сүріп отырғанына түйенің сүті себеп болса керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер