Бәйдібектік тұрғын қайтарымсыз 583 мың теңге грант алып, тігін цехын ашты

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, тігін цехын ашқан бәйдібектік – Арман Жолтаев.

image.png

Арман Жолтаев Бәйдібек ауданы, Жыланды елді мекенінің тұрғыны. Осы жылдың сәуір айында Бәйдібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына «Ұлттық қолөнерді дамыту» жобасы бойынша өтініш білдірген. Мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған Арман Жолтаев қайтарымсыз 583 мың грант алып, өз үйінен шағын тігін цехын ашқан.

Қазіргі таңда Арман Жолтаев жолдасы күміс алқа иегері Ботагөз Сұлтанова екеуі екі тігін машинасын және басқа да қажетті құрал-жабдықтарын алып, тапсырыспен құрақ, ою көрпе, қоржын, қыз жасауын тігіп, айына орта есеппен 100 мың теңге табыс тауып отыр.

Ал, Рамзия Абдуллина «Сұлулық салонын ашу» жобасы бойынша өтініш білдіріп, мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған. Грант қаржысы төленгеннен кейін керекті құрал-жабдықтарын алып, Шаян ауылынан ғимаратты жалға алу арқылы сұлулық салонын ашқан. Бала кезден шаш қиюға икемі бар Рамзия өз ісінің кәсіп көзіне айналдырғанына қуанышты.

Шаш қиюмен қатар қыз-келіншектердің шашын бояу, түрлі шаш үлгілерін жасау, тырнақ әрлеумен әзірге өзі ғана айналысып отырған жас кәсіпкер Рамзия Абдуллина қолға алған кәсібін алдағы уақытты үлкейтіп, қосымша жұмыс көздерін ашуды жоспарлауда.

Сонымен қатар шаштараз кәсібінің қыр-сырын меңгеруге ниет еткендерге арнайы курс оқытуға мүмкіндігі де бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер