Түркістан облысында су қоймалары жөнделеді

9.jpg

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ағын сумен қамтамасыз етуде жаңа технологияларды қолдануды тапсырған болатын.  Осы мақсатта Түркістан облысында біәрқатар жобалар жүзеге асуда. 

Түркістан облысы Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы қолға алынбақ. Вегетациялық кезеңде Түркістан өңіріне қосымша 70-95 млн.м3 дейiнгi ағын су жеткізілетін болады.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Сала мамандандарының қатысуымен басқосуда атқарылған жұмыстар мен қолға алынуы тиіс жобалар талқыланды. Ақсу өзенінің бойындағы «Орта Ақсу» және «Жоғары Ақсу» тоғандарына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 40 млн.тг бөлінді. Ауқымды жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы вегетациялық кезеңде 10 млн.м3 ағын суды үнемдеп, Арыс өзені арқылы Бөген су қоймасына тасталды.

Ал «Қапшағай» су қоймасын күрделі жөндеуден өткізген жағдайда сыйымдылығы 34 млн.м3 болатын су қоймасын қайта құруға және төтенше жағдайдың алдын алуға негіз болады.

Шардара ауданындағы «Жаушықұм» алқабын игеру арқылы 12,2 мың га суармалы жер жаңадан қосылады. Жылына орта есеппен 100 млрд. тг. ауыл шаруашылығы өнімдері алынады. Жылыжай, балық өндірісі, қайта өңдеу саласы дамиды.

Түркістан қаласының ішкі жүйелері мен жасыл аймақты, шаһар айналасына құрылған «Азық-түлік» белдеуін ағын сумен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Облыс орталығында бірнеше жасанды көл салынып, есу каналының құрылысы жүргізілуде. Жалпы алғанда, 80 млн.м3 шамасында суды қажет етеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер