Түркістан облысында мақташылардың халықаралық семинары өтті

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында мақта дақылының өнімділігін арттыру мақсатында халықаралық семинар өтті. Күзгі жиын-терім науқаны қарсаңында өткен іс шараға шетелдік және отандық ғалымдар, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауылдық округтердің әкімдері, Мақтаарал және Жетісай аудандарының шаруалары қатысқан халықаралық семинар аудан әкімі міндетін атқарушы Сәкен Сұлтанхановтың бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Көршілес Өзбекстан Республикасынан келген "RASAYANA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агроном-технолог маманы Игорь Борисович Троцко мен отандық "Germes" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ильмар Билалович Гаджиев бастаған мамандар

Мақтарал ауданының потенциалын ескеріп, сорланған алқаптарда мақта дақылының өнімділігін гектарына отыз бес центнерге дейін ұлғайтуға болатындығын атап өтті. Ол үшін мақташыларға жаңа заманауи технологияларды пайдалану жөнінде кеңінен ақпараттар беріліп, жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, осы салада тәжірибесі мол мамандар халыққа өздерінің тиімді қызметтерін ұсынды.

"RASAYANA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Germes" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметтеріне қызығушылық танытқан шаруаларға толығымен сүйемелдеу жүргізіліп, авторлық препараттарының қолдануына рұқсат беруінің нәтижесінде мол өнім алуға болатындығын дәйекті дәлелмен көрсетті. Cонымен қатар, өзбекстандық "RASAYANA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бір гектар егістік алқаптан максималды өнім алу үшін 500 АҚШ доллар көлемінде қаржы жұмсалатынын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер