Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық пен қамқорлыққа толы іс-шаралар жалғасын тауып келеді. Соның бірі «Қамқорлық - қайырымды жастардың қағидасы» атты жобасы аясында Құркелес ауылдық округі, Жаңа арық ауылының тұрғыны Тастанбек қарт атаға қамқорлық көрсетті. Бұл туралы Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы хабарлады.
Шара барысында ерікті жастар Тастанбек атаның ауласын шөп-шалаңнан тазартып, ағаш бұталарын кесіп үй жұмыстарына қолғабыс жасады.
Ізгілік пен қамқорлыққа жаны құмар жастардың ісіне риза болған атамыз ақ батасын берді. Жалпы сарыағаштық ерікті жастар жоғарыда аталған жоба аясында жалғызілікті, көмекті қажет ететін қариялардың үйлеріне барып, отын-суын қамдап беру, басқа да жәрдемдер беру жұмыстарын атқарып келеді.
Айта кетері, Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде 1 қазан-Қарттар күні болып белгіленген. Бұл күнді мейірім мен ізгілік мерекесі деп атасақ та болады.
Алдыңғы буын аға-апаларымыз, ерен еңбек үлгісін көрсетіп кеткен арда¬гер¬леріміздің осы бір қайырымдылық пен даналық көрінісі іспетті жарқын мере¬кесі Сарыағаш ауданында басқа да шаралармен аталап өтті.