Бюджет есебінен автотұрақ салынды

5.jpg

Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиевтың тапсырмасына сәйкес Сарыағаш қаласы Әйтеке би көшесі бойында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету орталығының» маңайындағы №21 көп қабатты тұрғын үйдің алдына жергілікті бюджет есебінен автотұрақ салынып, пайдалануға берілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нысанды салудағы мақсат -жол кептелісін болдырмау және халықтың келіп кетуіне ыңғайлы жағдай жасау.  Бүгінде асфальт төселген, ыңғайлы етіп жасалған бұл орынға тұрғындар мен келіп кетушілер көліктерін тегін қоя алады. 

Ауданда сонымен бірге автожолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жол жүйесі бойынша ауданда ағымдағы жылы жалпы 1,7 млрд теңгеге ішкі жолдарды орта, ағымдағы жөндеу және тас төсеу жұмыстарына қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 8 айында жалпы 46 көшенің 71,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұндай мәліметтерді жуырда Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев  аудандық мәслихат депутаттары алдында берген есебінде келтірген болатын. 

Жергілікті бюджет есебінен жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына  ұзындығы  37,1 шақырым болатын 25 көшеге 847,9 миллион теңге,  тас төсеу жұмыстарына 51,4 шақырым болатын 27 көшеге 331,2 миллион теңге қаралып, тиісті  жұмыстар жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер