Түркістан облысының 16 оқушысы IQanat High School of Burabay мектебіне қабылданды

Түркістан облысының оқушылары республикалық олимпиадалар мен байқауларда топ жарып жүр. Биыл республикамызда ауыл оқушыларына арналған «Iqanat» олимпиадасында түркістандық оқушылар топ жарды. 

Screenshot_23.jpg

Бүгінгі таңда республикамызда ұйымдастырылып отырған «Iqanat» олимпиадасының негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау. Сонымен қатар, осы олимпиада арқылы ауыл оқушыларын пәнге деген ызығушылықтарын ояту. 

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, жалпы бұл олимпиадаға Қазақстан Республикасы бойынша 800-ге жуық оқушы қатысқан. «Түркістан облысынан Республикалық Олимпиадаға 174 оқушы қатысып, олимпиада қорытындысымен облысымыздың 16 оқушысы  IQanat High School of Burabay мектебіне өтіп отыр. Бұл біз үшін үлкен жетістік», дейді Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

- Еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өскелең жас ұрпақ кемел адам болып қалыптасуы үшін олардың өз тарихы мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын біліп өсуі маңызды. Біз балалардың сапалы білім алуымен қатар, рухани дамуын, дүниетанымы кең болуын да қамтамасыз етуіміз қажет» дейді. Бұл бағытта Президент мектепте оқушылардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін дәрістер ұйымдастыруды тапсырды. Оған медиасауат, құқық, қаржы сауаты тақырыптарын енгізу – жаһанданған заманның талабына айналып отыр. Республикамызда өткен байқау да соның бір көрінісі. Біз аталған олимпиададан жүлде алған оқушыларымыздың жетістігімен мақтанып, бүгінгі оқу мен тәрбиедегі бағытымыздың дұрыс бағытта келе жатқанын көріп отырмыз, - дейді басқарма басшысы. 

Аталған олимпиадасына Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Сайрам, Сауран, Созақ, Түлкібас, Төлеби мен Шардара аудандарының оқушылары қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған. Онда бір оқушы жүлделі І орынға ие болса өзгесі одан кейінгі орындарды қанжығалаған. Олимриадаға қатысқан барлық оқушыларға «Iqanat» логотипімен футболка, рюкзак, сумка-шоппер, әдеби кітаптар мен бағалы сыйлықтар берілген. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер