Түркістан облысының оқушылары мен мұғалімдері халықаралық байқау жеңімпаздары атанды

Түркістан облысының оқушылары халықаралық және республикалық жарыстарда өз біліктіліктерін көрсетіп, топ жаруда. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, бүгінгі таңда білімді оқушылар қатары жыл санап артып келеді.

Screenshot_24.jpg

Мәселен, Жетісай ауданы, Б.Майлин атындағы №21 жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Меруерт Нұралы 2022-2023 оқу жылында «Қазақ қоғамындағы би-шешендердің қызметі» тақырыбында ғылыми жоба байқауына қатысып, ІІІ орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Мейрамкүл Мусаева. 

- Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Мектеп оқушылары арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу туралы да міндет қоя отырып, Мемлекет басшысы «Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы керек» деп атап көрсетті. Оған қоса балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелейтін патриоттық ұйымдардың жұмысын жандандыру керек деп те тапсырма берді. Қазіргі таңда облысымыздағы білім мекемелеріндегі балалар өздерін халықаралық және республикалық, ғылым саласында да өздерін жақсы қырынан көрсетуде. Яғни, оқушының ғылыми жұмыспен айналысуы қазіргі ғылым мен білім өркениет алған заманда өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Ғылыми жұмыспен айналысу білім алушының мектеп қабырғасында өзінің таңдап алған тақырыбын тереңірек зерттеп, көпшілікке мәлім емес тың деректерді жинақтауға ықпал етеді, - дейді Дінислам Болатханұлы.

Бұдан бөлек, жуырда Түркістан облысының оқушылары Астана қаласында өткен «EDUStream» халықаралық білім беру компаниясы – Қазақстандағы «Express Publishing» халықаралық баспасының ресми өкілі «Совершенствование педагогического мастерства учителей в школе XXI века» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын, сонымен қатар оқу жылы бойына созылған байқау қорытындысы бойынша Республикалық кезеңнің финалына өңір оқушылары мен мұғалімдерін марапаттаған болатын. Бұл марапатқа Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназиясының оқушысы Гүлім Мұхамедәшім І орын иеленіп, мұғалімі Балжан Сұлтаханова да марапатталды. 

Сонымен қатар ұйымдастырушы компания «EXAM VOUCHER» сертификатын сыйға тартты. Отырар ауданы Темір жалпы орта мектебінің оқушысы Айназым Досан ІІІ орын иеленіп, мұғалімі Мариназ Жандарбекова марапатталып, «EXAM VOUCHER» сертификатына ие болды. 

Жетісай ауданы Б.Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Жания Досан жүлделі ІІІ орынға ие болып, жетекшісі Айгүл Қалжанова да марапатталып, аталған сертификатына ие болған еді. Ал Ордабасы ауданының Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Лес Сымбат «Зерттеуші оқушы» номинациясына ие болып, жетекшісі Өтебек Әлия марапатталды. А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Аделя Сейітхан «Шығармашыл шәкірт» номинациясына ие болып, оның да мұғалімі Наргиля Хасанова мадақтамамен марапатталды. «EDUStream» халықаралық білім беру компаниясы барлық жүлделі орын алған оқушылар мен олардың жетекшілеріне бағалы сыйлықтарын ұсынды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер