Шардара ауданындағы №8 Балапан балабақшасында отбасылық сайыс өтті

Шардара ауданындағы №8 «Балапан» балабақшасында ата-аналардың қатысуымен «Әкем, анам және мен, Біз спорттық әулеттен» атты отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды. Оған төрт отбасылық топ қатысып, өзара бақ сынасты. 

Screenshot_25.jpg

Аталған іс-шараның ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, балабақша директоры Құралай Тілешова сөз сөйлеп, сайысқа қатысып отырған бүлдіршіндер мен ата-аналарға сәттілік тіледі. 

- Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда білім саласына қатысты ұзақ мерзімге арналған идеологиялық басым бағыттар талқыланып, нақты шешу жолдары ұсынылған болатын. Сонда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Осы бағытта бізге орасан зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. «Тәрбие тал бесіктен басталатынын» ескере отырып, өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық қағидаттарын сіңіреміз десек, ең алдымен оған өзіміз өнеге көрсетер тұлға болуымыз керек.

Президентіміз біздің ұлттық бірегейлігіміз табыстылықта екенін айтты. Бұл ел дамуының маңызды стратегиясына айналуға тиіс. Әр білім мекемесі өз алдына «Біз қайткенде табысты балабақша, табысты мектеп, табысты колледж бола аламыз» деген мақсат қойып, оған жауап беруге дайын болуы керек. Біздің бүгінгі жасап жатқан жұмысымыз да, өткізіп жатқан іс-шарамыз да осы бағытты жүзеге асырылуда, - деді «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет.

Жарыс қатысушылары 10 кезең бойынша сынға түсіп, шеберліктерін шыңдады. Бірінші кезеңде өздерін таныстырса, одан кейін «Шашылған стакандарды жинау», «Мергендер», «Арқан тартыс», «Тау көтерген Толағай», «Секірмек», «Кім шапшаң?», «Түрлі-түсті шарлар сайысы», «Кішкентай волейболшылар», соңғы кезең «Жұлдызқұрттар сайысы»  номинациялары бойынша өнерлерін ортаға салды.

Бұл сайысқа қатысқан балалар да, ата-аналар да ойынға белсене қатысып, мерекенің көрігін қыздырды. Сайыс соныңда жеңімпаздарды арнайы «Алғыс хат», Дипломдармен марапаттады. Демеушілер тарапынан бүлдіршіндерге тәтті сусындар және балмұздақтар тарту етілді.

Сайыс жоғары деңгеде қызықты әрі тартысты өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер