Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы атқарған жұмысы жоғары бағаланды

Түркістан облысы әкімдігі білім басқармасының соңғы бір жылда атқарған кешенді жұмыстары мен қол жеткізген нәтижелер көңіл толарлықтай. Бүгінгі таңда аймақтың білім саласы облыстың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында іске асырылуда.

Screenshot_27.jpg

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, бүгінгі күні өңірде атқарылып жатқан жұмыстар «TURKISTAN BILIMI» атты кешенді жоспар аясында жүргізілуде екен. Ол 11 бағыттан тұрады және білім саласын жан жақты дамытуға, бүкіл процестерді ашық етуге, жемқорлықтың алдын алу мақсатында автоматтандыруға бағытталған. 

- Белгілі жетістіктерге бүгінгі күннің өзінде қол жеткіздік. Мысалы, білім алушылардың оқу жетістігін зерделеу тестінің қорытындысы бойынша оқушыларымыз бірден 4 орынға көтерілді. Бұл аймақтағы білім сапасының артылып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай прогреске республикалық және халықаралық білім конкурсының қатысушылары да қол жеткізді. Мысалы, жаратылыстану пәндері мен математика бойынша Президенттік олимпиадада Түркістандық команда ең үздік бестік қатарына еніп, өз нәтижелерін өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға көтерді, - дейді облыс әкімі. 

Бұдан бөлек, облыс оқушылары XVIII Республикалық «Зерде» сайысының ғылыми-зерттеу мен шығармашылық жұмыстары бойынша 12 оқушы жеңімпаз атанып, көрсеткішті 42 пайызға жақсартқан. Сондай ақ, О.Жолдасбеков атындағы халықаралық математика мен механика пәндері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының конкурсына 7 қатысушыдан 4-уі жеңімпаз атанды.  

«Азия-Тынық мұхиті регионы» мен «Жібек жолы» халықаралық математика бойынша олимпиадалар қорытындысында Түркістан облысы өз көрсеткіштерін 12 пайызға арттырды. Республикалық математика және жаратылыстану пәндері олимпиадасы бойынша 9 пайызға, ал республикалық жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми зерттеу сайыстарының нәтижесі бойынша 19 жеңімпаз атанып, сапа өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға  көтерілді» дейді облыс әкімі. 

Сонымен қатар саланы цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да көңіл қуантарлық. 

-Бүгінгі таңда балабақшаларда балаларды электронды түрде тіркеу жобасы пилоттық режимде басталып кетті. Жыл басынан бері мұғалімдердің аттестациялау процесін автоматтандыру мақсатында  «е-портфолио» енгізілді. Мектеп кітапханаларын цифрландыру және қажеттіліктерді автоматтандыру мақсатында «е-кітапхана» платформасы енгізілді, мектептер асханаларында онлайн төлеу жүйесі енгізілуде. 

Жалпы Түркістан облысының білім сапасын көтеруде жасалған ең ірі жоба ол - Bilim Land цифрлық платформасын енгізу болып табылады. Бұл платформа облысқа тегін беріліп отырғанын атап өткім келеді және сол үшін оны әзірлеуші азаматтарға алғыс айтқым келеді. Бұл платформада 37 пәннен 25 мыңнан аса дайын цифрлық сабақтар, 100 мыңнан аса интерактивті тапсырмалар жинағында 35 мыңнан астам видеосабақтар, 544 мыңнан аудиоинтерактивті тапсырма, 200 мыңнан аса тестілеу тапсырмалар жинақталған. Сондай-ақ, онлайн үй тапсырмалар бойынша 77 мыңнан астам тест тапсырмалары да мұғалім мен оқушылардың пайдалануына берілді. Тегін ҰБТ-ға дайындалу мүмкіндігі берілді, - дейді Дархан Сатыбалды.. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер