Ғ.Мұратбаев атындағы колледж мамандары өзбекстандықтармен келіссөз жүргізіп, меморандумға қол қойды

Түркістан облысының білім басқармасының №8 және Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледждері академиялық дербестік бағдарламасы бойынша жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімдерін айқындап жұмыс істеуде.

Screenshot_28.jpg

Олар алдағы оқу жылында ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша еліміздегі белсенділігі жоғары колледждермен және әр түрлі елдердің жетекші колледждерімен ынтымақтастықты дамыту, серіктестік қарым-қатынасты орнатуды көздеп отыр. 

Осы бағытта №8 және Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай колледж мамандары  Өзбекстан республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігіне қарасты мамандарымен келіссөз жүргізіп, «Тoshkent arxitektura va qurilish kasb-hunar kolleji»  және «tashkent olmazor yengil sanoat kasb-hunar kolleji» басшыларымен Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды.

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, меморандум мақсаты - тамақ және жеңіл өнеркәсіп  пен құрылыс салалары бойынша  білікті жұмысшы мамандарын даярлау үшін халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып, тәжірибе алмасу.

- Бірлескен практикаға бағдарланған семинарлар, шебер-сыныптар, онлайн-конференциялар,  әдістемелік консультациялар, конкурстар өткізу, инновациялық жобалар туралы ақпаратпен алмасу, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізілетін болады. Жалпы жеңіл өнеркәсібі, құрылыс саласы дамыған көрші елмен жасасқан меморандум сапалы мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарымызға тың серпін беріп қана қоймай, аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің дамуына жол ашатынына сенеміз, - дейді Дінислам Болатханұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер