Төлеби ауданындағы Ленгір көмекші мектеп-интернаты жаңа құрал-жабдықтармен толықты

Төлеби ауданындағы тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған Ленгір көмекші мектеп-интернаты жаңа құрал-жабдықтармен толықты. Бүгінде білім салсасына жақсы көңіл бөлінуде.

Screenshot_29.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» дейді Президент.

Бүгінде аталған мектеп Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған «Қазақстан халқына» қорының қолдауын сезінуде. Осы қордан бөлінген 32 миллион 535 мың теңгеге аталмыш мектеп-интернатқа интерактивті комплект алынып, информатика пәні кабинеті, логопедтердің кабинеттері және қыздардың тігін шеберханасы жаңадан жабдықталып отыр. 

- Мектеп-интернатымыздың 239 оқушысы және олардың ата-аналары, сондай-ақ әріптестер атынан «Қазақстан халқына» қорына шексіз алғысымды білдіремін. Бұл қордың қаржысына мектеп-интернатымыздың информатика пәні кабинетіне жиһаз, оқытудың техникалық құралдары, стенділер, қосымша жабдық алынды. Қордың есебінен мектеп-интернатымыздағы логопедтердің кабинеттері де жаңа жиһазбен, түрлі жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қыздардың тігін шеберханасына да жаңа жиһаз, тігін және өрнектеу машиналары, басқа да қажетті заттар алынды. Жаңартылған кабинеттерде сабақтар бұрынғыдан да қызықты өтуде, - дейді аталған мектеп-интернат директоры Нағима Абдуллаева. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер