Отырар ауданында Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің 50 жылдығы атап өтілді

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Ғани Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне Ғани Мұратбаев есімі берілгеніне 50 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай мектеп басшылығының ұйымдастыруымен «Кешегі, бүгінгі, ертеңгі» тақырыбында семинар кеңесі болып өтті. 

Screenshot_31.jpg

Семинар мақсаты -  50 жылдық мектеп тарихындағы кезеңдерді болашақ ұрпаққа дәріптеу. Семинар кеңесіне Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы  «Ғ.Мұратбаев» атындағы тарихи мемориалды  мұражайынан арнайы құттықтау хат та келген болатын. Оны мектеп басшылығы кеш қатысушыларына оқып берді. 

Семинар кеңес аясында үш кабинет демеушілер есебінен жабдықталып, ашылды. Мектептің ардагер ұстазы Асылайым Садибекованың атына мұғалімдер бөлмесі жабдықталып берілсе, мектеп кітапханасы  бұрынғы кітапханашы, өмірден ерте өткен Рабиға Әлімбекованың атына беріліп демеуші есебінен жабдықталды.

Ардагер ұстаз Рабкүл Сахова атына бастауыш сынып кабинеті беріліп, ұрпақтарының демеушілігімен жабдықталды. Сонымен бірге, кәсіпкер демеушілігімен жаңа үлгідегі мектеп рәміздерін осы мектептің түлегі, Алматы облысынан келген Медеубек Әлімбеков етсе, Өскемен қаласының  тұрғыны зейнеттегі полковник Серік Қайыпбергенов екі футбол командасына арнайы киімдер мен спорт жабдықтарын демеуші ретінде сыйға тартты.

Семинар барысында  облыстық адами әлеуетті дамыту бөлімінен,  облыстық кәсіподақ комитетінен, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хаттары беріліп, ұстаздар марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер